«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Өскемен қаласындағы кездесу

Встреча в городе Усть-Каменогорске 02.05.2024

   2024 жылғы 02 мамыр күні Өскемен қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің студенттерінің қарулы күштер және құқық қорғау органдары ардагерлерімен кездесуі өтті.

   Кездесу «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.

   Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

   «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Директоры Манаков Ж.Н. жиынды модератор болып жүргізіп отырды.

   Іс-шараға келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:

- Хамитов С.А. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, запастағы полковник;

- Хасенов Е.Т. – «ГСВГ ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы бойынша өкілі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы майоры;

- Мерекенев М.М. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, қаржы полициясының запастағы полковнигі;

- Каримов Е.Д. – Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары;

- Беккужина М.Е. – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі;

- Оспангалиева К.А. – Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің Директоры;

- Алтайбекова Н.А. – Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі Директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары;

- Манаков Ж.Н. – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Директоры.

   Кездесуге 70-ке жуық студенттер қатысты.

   Шараға қатысқан лауазымды тұлғалар қарулы күштер және құқық қорғау органдары қызметі туралы, аталмыш органдар қызметкерлерінің ерліктері туралы, соғыс ардагерлерінің батырлықтары мен қаһармандықтары туралы патриоттық мағынасы бар, тәрбиелік мәні бар баяндамалар жасады.

   Жиын соңында сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-05-02 at 20.18.04.jpeg


WhatsApp Image 2024-05-02 at 20.18.03 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-05-02 at 20.18.03 (1).jpeg


Тізімге оралу