«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

БОЛАШАҚ-Білімді жастар қолында

Встреча в городе Усть-Каменогорске 23.04.2024

   2024 жылғы 19 сәуір күні Өскемен қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен бірлесе жас оқытушыларымен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кезекті кездесуі іс - шарасы өтті.

   Кездесу «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атты жобаның аясында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-ің Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда. Студент жастармен өткізген шараның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және  белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық тәлім тәрбие, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар арасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылу барысы туралы хабардар ету, нақты ақпараттандыру  мақсатында ұйымдастырылды.

    Кездесуді «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Директоры Манаков Жомарт Нұқанұлы модератор болып жүргізіп отырды.

   Сөз сөйлегендер қатарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, запастағы полковник Хамитов С.А., «ГСВГ ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы бойынша өкілі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы майоры Хасенов Е.Т., Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, қаржы полициясының запастағы полковнигі Мерекенев М.М., Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Каримов Е.Д.,

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Беккужина М.Е., Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры-басқарма мүшесі Қалимолдина Ж.А., сынды тұлғалар қатысып, жастарға деген ой пікір, ақылдарымен бөлісті. Атап айтсақ, студент жастар алдында кездесуге қатысушылар тарапынан сөйлеген сөздерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың өзектілігіне тоқталып,  білім беру аса белсенді әлеуметтік секторлардың бірі болып табылатынын атап өтті. Оқу орындарында  ол жеке тұлғаны қалыптастыратын оның негізін қалайтындығы.

    Қоғамды сыбайлас жемқорлықтан "тазартудағы" және ең алдымен сапалы білім алу және өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тәрбиелеу есебінен өзінің рөлін түсінетіндігі. Бүгінгі күні құқықтық сауаттылықты жақсартуға бағытталған ағартушылық жұмыста білім беру жүйесінің әлеуетін жеткілікті пайдалануды. Осыған байланысты қоғамның құқықтық мәдениетін көтеруге мүдделі мемлекет құқықтық насихатпен - халық арасында құқықтық ақпарат таратумен ұдайы айналысуы керек екендігін тиек етті. Отан алдындағы азаматтық әскери борышын өтеу, патриоттық тәрбие беру маңыздылығы ескерілді. Бұл жұмысты жандандыру жастар санасының артуына ықпал етуі тиіс екендігі аталып өтті. 

    Жастар тарапынан да қызықты  сұрақтар беріліп тұшымды жауаптар берілді.

    Шара нәтижесінде ««ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасында Меморандумға қол қойылды.

    Жиын соңында сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-04-23 at 17.10.22.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-23 at 17.10.23 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-23 at 17.10.23.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-23 at 17.10.24 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-23 at 17.10.24.jpeg


Тізімге оралу