«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Су тасқынына қарсы тұруға елмен біргеміз.

Су тасқынына қарсы тұруға елмен біргеміз. 18.04.2024

   «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының директоры, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Қайрат Сабыр Қанатұлы бастамасымен бірлестік белсенділері тарапынан да су тасқынымен күрестен шет қалмай, оған өз үлестерін қосуда.

   Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының алты ауданында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланған. Жол учаскелерін су басу нәтижесінде 13 елді мекенмен жол қатынасы бұзылды. Су тасқыны салдарынан көптеген адамдар баспанасыз қалды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеуде және оның салдарымен күресуде, біз де шетте қалмай, қоғамдық бірлестік ретінде осындай елімізге қиын жағдайда көмек қол ұшын беріп ат салысу қажет екені,- анық дейді Сабыр Қанатұлы.

   Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды көмекпен толық және жедел қамту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Сондықтан «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» мүшелері төтенше жағдайда гуманитарлық көмекті таратуға, құм және инертті материалдармен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырып, суды азайту жұмыстарын күшейтуде. Айта кету керек, қазіргі уақытта облыс аумағында жағдай тұрақты және әрдайым бақылауда.

   Осы қиын сәтте бірге әрекет етіп, ынтымақтастығымызды көрсетуге барлық ұйымдарды шақырамыз!

   

«ЖАҢАРУ» РҚБ
Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-04-19 at 19.41.30 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-19 at 19.41.30.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-19 at 19.41.30 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-19 at 19.41.30 (2).jpeg


Тізімге оралу