«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Құқықтық сауаттылық заман талабы

Құқықтық сауаттылық заман талабы 19.04.2024

    «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Л. Н. Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті» жанындағы «Әдеп» жобалық кеңсесі әлеуметтік және Азаматтық даму департаментінің ұйымдастыруымен 2024 жылы 19 сәуір күні «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу»" атты әлеуметтік жобасы шеңберінде студент жастар топтарымен кезекті кездесу, дәріс оқу іс - шарасы өтті.

     Іс - шараның басты мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуның барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету болып бағытталады. Жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету болып табылады.

     Аталған шараға Л. Н. Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті» жанындағы «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, әлеуметтік және Азаматтық даму департаменті директорының орынбасары з.ғ.к. Нұғыманов Еркебулан Еркінұлы, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-ің аппарат басшысы, жоба менеджері Қабдолла Хамитұлы Алиев,    Л. Н. Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Құмарбек Азат Талғатұлы қатысып өз пікірлерін ортаға салды. Өз сөздерінде заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырып жатқанын , әсіресе студенттер арасында заң бұзушылықтар туралы , кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуды, кез келген заңсыздыққа қарсы тұруы қажет екенділігі айтылды.

    Президентіміздің халыққа жолдауында атап өткендей, заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Ең бастысы, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты.

   Іс-шара барысында жоба аясында дайындалған патриоттық мақсатта көркем көрілім көрсетіліп, флаер, буклеттер таратылып сауалнама жүргізілді.

   Студент жастар тарпынан сұрақтар қойылып пікір ойларымен алмасып тиімді жауаптар алып іс-шара қонымды тартымды өтті.

“ЖАҢАРУ” РҚБ баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-04-19 at 20.34.40.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-19 at 20.34.40 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-19 at 20.34.39.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-19 at 20.34.39 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-19 at 20.34.13.jpeg



Тізімге оралу