«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы жергілікті атқару органдарының жастардың қатысуымен Диалог алаңы өтті.

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы жергілікті атқару органдарының жастардың қатысуымен Диалог алаңы өтті.
 С участием молодежи местных исполнительных органов Мойынкумского района Жамбылской области прошла диалоговая площадка. 17.04.2024

     «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мойынқұм ауданының Мәдениет үйінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атты әлеуметтік жоба аясында 2024 жылы 05 сәуір күні  белсенді жастармен жергілікті басқару орандарының қатысумен ашық диалог ұйымдастырды. Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жүзеге асыруда.

    Ашық сұхбат алаңының мақсаты:

- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- жастардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру.

     Іс-шараға  Аудан әкімі, аудандық маслихат депутаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, заңгерлер, тәртіп сақшылары, әскерилер, студенттер, аудан жастары,лицей мектебінің жоғары сынып оқушылары, бұқаралық ақпарат өкілдері, аумақтық «ЖАҢАРУ» РҚБ және «Жас Қыран» жастар ұйымының белсенділері қатынасты.

     Ашық диалогқа төмендегі лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:  Балқыбеков Алихан Әбіләшұлы – Мойынқұм ауданының әкімі, «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облысы филиалының    директоры Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, Мойынқұм Аудан әкімінің орынбасары Мейрхан Төлеулиев,Мойынқұм аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов,Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков,Мойынқұм аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Шахикерім Исабеков,

     «АМАНАТ» партиясының Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, Мойынқұм аудан прокурорының орынбасары Нұрлы Сарманов,

     Мойынқұм аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Үсен Атақұлұлы, Мойынқұм аудандық қорғаныс істері жөніндегі басшысының орынбасары Айдархан Сәрсенбеков, Мойынқұм аудандық құқық қорғау органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы, адвокат Алмас Садуов, аудандық аналар кеңесінің төрағасы, Мойынқұм аудандық мәслихат депутаты Ғалия Шубаева,

    «Жастар рухы» ұйымының, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұрислам Бейсенбек және жергілікті колледждің студенттері мен  мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

    Жиынды Мойынқұм ауданы әкімі Алихан Балқыбеков  кіріспе сөзбен ашып, негізгі баяндама жасау және шараны жүргізу үшін, сөзді «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Естемесұлы Төлендиевке берді. Қасымхан Естемесұлы өз баяндамасының барысында аталған Әлеуметтік Жобаның орындалу барысы туралы мағлұмат берді, әлемдегі және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың барысы туралы ақпарт беріп, Жастар арасында тәрбиелік, патриоттық маңызы зор іс-шараларды ұйымдастыруға әрқашан атсалысып отыратынын тиек етіп, жастардың сұрағына жауап берді.Ашық алаң барысында: Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан саяси реформалары, Жолдаулары мен Ұлттық құрылтайларда, сұхбаттарында, ІІМ – нің кеңестерінде Заң үстемдігінің сақталуы, халықтың, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру туралы сөздерін еске салды.

     Президенттің Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» - бір бірінен ажырамайтын ұғымдар екенін айта келіп: «Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керек», екендігін «Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң мен Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық» сияқты күнделікті өмірде басшылыққа алатын ең маңызды идеологиялық тұжырымдар мен негізгі бағыттары атап өтілді.

      2023 жылдың 30 маусымында, 2 қыркүйегінде және 2024 жылдың 22 қаңтарда өткен ІІМ – ің кеңестерінде заң мен тәртіп қатаң сақталуы керектігін, полицияның өкілдері ЖОО, мектеп – колледждерге барып, заңдарды жастарға түсіндіруі керек, өкінішке орай, жастарымыздың арасында заң сауатсыздығы кең тараған, жастарымыз заң білмейді, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесі де өзгеру қажет» деген, Мемлекет басшысының сөзін еске салды.

     Сонымен қатар, Отан қорғауға жастардың қатысуы, азаматтық борышының орындалуы да сөз болды. Бүгінде әскери борышын мінсіз өтеген әскерге шақырылған сарбаздар ҰБТ ұпайынсыз және қабылдау емтихансыз жоғары оқу орнына мемлекеттік грантқа түсе алатындығы. Отанды қорғау – биік мәртебе! «Ең алдымен, халықтың береке – бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болу керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет»  деп Президент айтқандай, жастардың алдында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Көдеков Жұманазар басқада ел ағалары тұщымды сөз сөйлеп жастарды тәртіпке, әдептілікке, мәдениеттілікке, жақсы оқуға және имандылыққа шақырды. Іс шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, күрес, қозғалыс туралы өз пікірлерін білдіріп, лауазымды тұлғаларға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, олардың тарапынан нақты жауаптар алды. сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат парақшалары таратылып студенттер арасында сауалнамалар жүргізілді.

     «ЖАҢАРУ» бірлестігінің Орталық аппараты жоба аясында даярлаған «Офицердің ерлігі» және «Ценою жизни» атаулы видеороликтерді көрсеттіліп соңында БАҚ өкілдеріне сұхбаттар берді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.28 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.28 (3).jpeg



WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.29 (2).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.29.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.29 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.30.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.30 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-17 at 18.56.27.jpeg


Тізімге оралу