«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Жемқорлықсыз жарқын болашақ!»

«Жемқорлықсыз жарқын болашақ!» 16.04.2024


    «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Л. Н. Гумилева атындағы "Еуразия ұлттық университеті" жанындағы «Әдеп» жобалық кеңсесі әлеуметтік және Азаматтық даму департаментінің ұйымдастыруымен  2024 жылы 16 сәуір күні  «Жемқорлықсыз жарқын болашақ!» тақырыбында әскери кафедрасының студенттер жастарымен кездесу ұйымдастырылды.

    Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобаның аясында өтті.

    Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

    Іс- шараны құттықтау сөзбен Л. Н. Гумилева атындағы "Еуразия ұлттық университеті" жанындағы әскери кафедрасының бастығы генерал - майор Оразов Еділ Лұқпанұлы ашты. Шараға барысында келесі тұлғалар қатысып, ақыл кеңестерімен бөлісіп жастар алдында яғни «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Мынбай Дархан Қамзабекұлы, Заң ғылымдарының докторы, профессор, Генерал-майор ҚР ҰҚК құрметті қызметкері- Қойбақов Сейтжан Мелдебекұлы, «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, әлеуметтік және Азаматтық даму департаменті директорының орынбасары з.ғ.к. Нұғыманов Еркебулан.Еркінұлы  сөз сөйледі.

    Жарыссөзде сөйлеген ел ағалары Л. Н. Гумилева атындағы "Еуразия ұлттық университеті" жанындағы әскери кафедрасында дәріс алып жүрген студент жастардың қауымына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мен жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тың ой пікірлерімен бөлісті.

    Кездесу барысында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында бейне ролик көрсетілді .

    Кездесу соңында «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы Мэлс Зайноллаұлы сөз алып әскери кафедра қауымына қолдау көрсетіп белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдірді.   Жастар арасында құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралардың басқа да оқу орнындарында жалғасын табатынын атап өтті.

 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2024-04-16 at 20.09.38.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 20.09.38 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 18.44.43.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 18.45.55.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 18.46.32.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 18.47.02.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 18.48.02.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 18.48.29.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 18.49.15.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-16 at 20.09.37.jpegWhatsApp Image 2024-04-16 at 20.09.38 (1).jpeg


Тізімге оралу