«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Халық қалаулылары ортамызда.

Халық қалаулылары ортамызда. 15.04.2024

     «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі,Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Құрылтайшысы және Президенті А.С. Әйтимов, «ЖАҢАРУ» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Ә.Н. Баяховтардың бастамасымен бірлестік белсенділері су тасқынымен күрестен шет қалмай, оған өз үлестерін қосуда.

      Қалыптасқан жағдайға байланысты Батыс өңірлеріне арнайы келген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Еділ Жаңбыршин, Әділ Жұбанов және Абзал Құспан аталған унивеситет қабырғасына ат тіреп су тасқынының алдын алу іс-шараларына белсенді қатынасып жатқан университет студенттері - волонтерлармен кездесті, жұмыстарына сәттілік тіледі. Университет тарапынан бекітілген жұмыс жоспарына сай, оқытушы- профессор құрамы, студенттер бірнеше жұмыс топтарына бөлініп, Желаево, Кірпіш зауыты аймағында жұмыс атқаруда. Бір күннің ішінде жүздеген құм қапшықтары салынып, өзен порты аймағында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді. Ректорат тарапынан жұмысшылар ыстық тамақтармен қамтамасыз етілуде. Су тасқынын шектеу үшін бар күш-жігер жұмсалып, азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдануда.

      Сонымен бірге судан зардап шеккен немесе қауіпті аймақтардан көшірілетін жерлестеріміз үшін эвуакация орталығы даярлануда. Арнайы техникалар, автобус бөлінді.

      12-13 сәуір күні өткізілген Халықаралық конференцияға келген Қырғыз елінің бір топ ғалымдарыда еріктілермен бірлесіп көмек көрсетуде.

      Бұл жұмыстар болашақта да жалғасын таба бермек.

 

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі


437934209_969821604544993_7819551492505795333_n.jpg


437947555_969823291211491_1466700964409234165_n.jpg


438039438_969824791211341_7839315889692562009_n.jpg


438252716_969821871211633_7169272065838455949_n.jpg


437915002_969821901211630_1496998564128966932_n.jpg


Тізімге оралу