02.04.2024
2024 жылғы 02 сәуір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әдеп» жобалық кеңсесінің басшысы, жобалық кеңсенің лекторы Е. Нұғыманов, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік жобалар бөлімінің бас маман-теологы М. Дәрібай, Астана қаласы Алматы ауданы учаскелік полиция инспекторы Ғ. Мәуленов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Құрылыс-сәулет факультетінде «Стандартизация, сертификация және метрология» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттерімен кездесу өткізіп, оларға дәріс оқыды.
Кездесу мен дәріс «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Осы кешенді іс-шараға:
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Құрылыс-сәулет факультетігің студенттері;
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Құрылыс-сәулет факультеті топтарының кураторлары мен оқытушылары;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.
Дәріс «Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбына арналды.
Кездесу аяғында лекторлар студенттермен «сұрақ – жауап» түрінде пікір алмасу өткізді.
Кездесу соңында студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

