«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған кездесу

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған кездесу
Встреча, посвященная 35-летию вывода советских войск из Афганистана 20.02.2024

2024 жылы 20 ақпан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен 78 мектеп гимназиясында Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылғанына 35 жылдығына арналған оқушы және ұжымымен кездесу шарасы өтті.

Іс-шараны ұйымдастыруға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшесі, Кеңес Одағының Батыры Николай Кремениш, Ауған соғысының ардагерлері, қорғаныс істері департаменті мен Алматы гарнизонының өкілдері, Түрксіб ауданының алғашқы әскери дайындық оқытушылары және т. б.ат салысты.

Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтуде.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

Шараның мақсаты жастардың хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту.Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу.Аталған шараға соғыс және тыл ардагерлері, Қазақстан қарулы күштері және құқық қорғау органдарының ардагерлері, Ауған соғысы және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері, қоғам қайраткерлері, оқушы, мұғалімдер, жастар жас буын өкілдері, «ЖАҢАРУ» қозғалысының белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының Директоры Борис Әлікенұлы ЖАПАРОВ кездесуді ашу сәтіндегі сөзінде «әскери оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтауға бағытталған осындай бастамалардың маңыздылығын» атап өтті және «Сыбайлас жемқорлық – біздің қоғамға қауіп төндіретін зұлымдық. Бұл азаматтардың билікке деген сенімін, құқықтық мемлекеттің негіздерін бұзады және елдің дамуына кедергі келтіреді. Бірақ, біз оған жол бермейміз!» – деп қоғамдық ұйымдарды еліміз бен болашақ ұрпақтарымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіруге шақырды.

Іс-шара кезінде мектеп базасында Жас Сарбаз сыныптары ұйымдастырылған, яғни олардың оқушылары автоматты бөлшектеу және құрастыру, озк кию, жауынгерлік тәсілдер, алғашқы медициналық көмек көрсету және т. б. дағдыларын көрсетті. Оқушылар патриоттық әндер, өлеңдер, билер орындап, театрландырылған қойылым көрсетті.

Мектеп тәрбиеленушілері әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аудандық, қалалық және республикалық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болғандығын мақтанышпен атап өтті.

Іс-шара соңында Ауған соғысы және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері ұйымдастырушыларға жас буынды тәрбиелеуге және ардагерлерге деген үлкен құрметті қалыптастыруға бағытталған еңбектері үшін алғыстарын білдірді.

Өткен шараны мектеп оқушылары,мұғалімдер, әскери мекемелер мен құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері қызығушылықпен көріп тамашалады. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-04-09 at 17.05.48.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-09 at 17.05.58.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-09 at 17.06.07.jpeg


WhatsApp Image 2024-04-09 at 17.06.15.jpeg



Тізімге оралу