08.04.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты еліміздің азаматтарына арнайы үндеуін қолдайық!
Биылғы табиғи апат Қазақстан халқына көптеген қиыншылықтар әкелді. Соның салдарын жоюға атсалысайық.
Қазіргі кезде «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелері, барлық өңірлердегі филиалдары су тасқынымен күресу үшін Үкімет ұйымдастырып жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысып жатыр.
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының Директоры Дайрабай Мамашұлы ҮСІПБАЕВ облыста құрылған Қорға басшылық жасап, көрші Атырау облысындағы су басып қалған Құлсары қаласынан Ақтау қаласына көшірілген, мыңдаған зардап шеккен отандастарымызға жан-жақты көмек көрсету қызметімен айналысып жатыр.
Сондай-ақ, төтенше жағдай жарияланған Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарындағы «ЖАҢАРУ» бірлестігінің филиал басшылары мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеуде, «ЖАҢАРУ» қозғалысының мүшелерін топан сумен күресуге жұмылдыруда.
Болашақта құзырлы ұйымдардың бұндай табиғи құбылысты болжауға арналған, оған дайындық жұмыстарын алдын ала жүргізуге бағытталған іс-шараларына қатысып, мемлекеттік органдарға білімімізді, тәжірибемізді, басқа да мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып, жүйелі түрде көмектесіп тұрайық.
«ЖАҢАРУ» РҚБ
Төрағасы М. СЕМҒАЛИЕВ
