«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Шымкентте зиратқа бөлінген ақшаны жымқырған шенеуніктер сотталды

Шымкентте зиратқа бөлінген ақшаны жымқырған шенеуніктер сотталды 03.04.2024     Шымкентте пара алған және бюджет қаражатын жымқырған аудан әкімдігінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
     Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот отырысына жемқорлық жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметшілердің ұжымы қатысты.
    "Биыл 1 сәуірде Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім шықты. Олар 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
     Соттың мәліметінше, айыпталғандар жасаған "қамқорлығы" үшін кәсіпкерден пара алған."Мегаполисті абаттандыруда мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден "қамқорлығы" үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алған, сонымен қатар зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған", - дейді антикор.
      Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.



Тізімге оралу