«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

7 млрд теңге туралы ақпарат рас па: вице-министр су тасқынының алдын алуға қанша қаражат бөлінгенін айтты

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • 7 млрд теңге туралы ақпарат рас па: вице-министр су тасқынының алдын алуға қанша қаражат бөлінгенін айтты
Куда потратили 7 миллиардов тенге, выделенные на борьбу с паводками 03.04.2024     Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференцияда тасқынның алдын алуға қанша ақша бөлінгенін айтты.
    Агенттік мәліметінше, вице-министрден журналист "көктемгі тасқындарға қарсы 7 млрд теңге бөлінгені айтылып жүр, ол ақша қайда кетті" деп сұраған.
    Вице-министрдің айтуынша бұл ақпарат – жалған.
   "Тасқынға қарсы дайындық аясында бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді деген ақпарат тарағаны рас. Бірақ бұл мәлімет дұрыс емес екенін айтқым келеді. Шын мәнінде 7 млрд теңге қарастырылған болатын. Ал бөлінгені 3 млрд теңгеден астам қаражат. Ол қаражат, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, тасқынның алдын алып, салдарымен күресуге бағытталып жатыр. Бүгінгі таңда әкімдіктердің ақпараты осындай", - деді ол. 

Тізімге оралу