02.04.2024
Қазіргі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің көптігі, қоғамның қай саласында болмасын белең алғандығы, әділетсіздіктің асқынып бара жатқандығы көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмайды.
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей төндіретін қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Бүгін біз жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, құқықтық білім беру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, яғни адамның құқық негізінде өмір сүруге, заңдарды құрметтеуге, өз құқықтарын қорғауға, жалпы айтқанда жоғарғы құқықтық сана сезімді насихаттайтын тетіктерді, күнделікті өмірде айқын көрініп жүрген сыбайлас-жемқорлық атты негативтік құбылысты тоқтату жолдарын талқылаудамыз.
Осы орайда, 2024 жылғы 02 сәуірде А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атты атаулы Әлеуметтік жобаның аясында "Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты" тақырыбында кешенді КЕЗДЕСУ шарасы өтті.
Студент жастармен өткізген шараның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастар арасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылу барысы туралы хабардар ету, нақты ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараны, құттықтау сөзбен Еуразия гуманитарлық институтының ғылыми және оқу жұмысы жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Ә.Ахметов ашты. Бұдан әрі кездесу шарасына келген қонақтар «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің төрағасы М.З. Семғалиев, «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің құрметті төрағасы, Мемлекет және қоғам қайраткері О.Ә. Әбдікәрімов, «ЖАҢАРУ» РҚБ-і төрағасының орынбасары, академик, ф.ғ.д., профессор Б.Б. Мамраев және «ЖАҢАРУ» РҚБ-і төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының директоры Д.Р. Рахметуллин, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары У.Н. Кұрамаев және «Алматы» ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Е. Жауғашева сөз сөйлеп баяндама жасады.
Кездесу барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары, академик, ф.ғ.д., профессор Б.Б. Мамраев, ғұлама ғалымдардың жазған құнды кітаптарын студент жастар тарапынан оқу керектігін, білім кілті кітап оқу екендігін атап өтіп институт кітапханасына бірнеше кітап сыйлады.
Студенттер тарапынан 3-курс студенті Сайдалина Дильнара «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру проблемалары» тақырыбында баяндамасын оқып берді. Талқылау барысында баяндамалар жасалып өз пікірлерімен алмасты.
Атап айтсақ, студент жастар алдында кездесуге қатысушылар тарапынан сөйлеген сөздерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың өзектілігіне тоқталып, білім беру аса белсенді әлеуметтік секторлардың бірі болып табылатынын атап өтті.
Оқу орындарының жеке тұлғаны қалыптастыратыны оның негізін қалайтындығы айтылды.
Кадрларды даярлау жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығы қағидатын назардан тыс қалдырмау маңыздылығын.
Қоғамды сыбайлас жемқорлықтан "тазартудағы" және ең алдымен сапалы білім алу және өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті тәрбиелеу есебінен өзінің рөлін түсінетіндігі.
Сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру мен дамыту саясатын дәйекті де тұрақты жетілдіру жүйелі жұмысқа жәрдемдесетін әдіснамалық негіз болуға тиістігі.
Сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыруды тәрбиелеу мен оқыту арқылы отбасынан басталатындығы.
Бүгінгі күні құқықтық сауаттылықты жақсартуға бағытталған ағартушылық жұмыста білім беру жүйесінің әлеуетін жеткілікті пайдалануды.
Осыған байланысты қоғамның құқықтық мәдениетін көтеруге мүдделі мемлекет құқықтық насихатпен - халық арасында құқықтық ақпарат таратумен ұдайы айналысуы керек екендігін тиек етті.
Бұл жұмысты жандандыру жастар санасының артуына ықпал етуі тиіс екендігі аталып өтті.
Кездесу соңында жеке оқу орнының студенттерінің арасынан да қалыс қалмай өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, сұрақтар қойып тиісті тұшымды жауаптарын алды.
Іс-шара барысында буклет флаерлар таратылып сауалнамалар жүргізілді.
Кездесу өте қызықты тартымды өтті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ баспасөз қызметі