«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Атырау қаласында аймақтық форсайт сессия өтті

Региональный форсайт сессия в городе Атырау 29.03.2024
    «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңсесі және Атырау облыстық филиалының  бірігіп ұйымдастыруымен 2024 жылғы 26 наурыз күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғимаратында аймақтық форсайт сессия өтті
     Жиналыс «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.
     Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
     Форсайт сессияға:
- мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері;
- құқық қорғау органдарының басшылары;
- үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері;
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалдарының директорлары;
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс аймақтық (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау) филиалдарының өкілдері;
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облысы филиалының  кеңес мүшелері;
- квазимемлекеттік сектор өкілдері;
- Атырау қаласындағы оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері;
- «ЖАҢАРУ» қозғалысының белсенділері;
- бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері қатысты.
      Іс-шараның тақырыбы: «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру».
      Форсайт сессияның мақсаттары:
-  азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шараларымен таныстыру;
- азаматтық қоғамның құқықтық санасын қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жетістіктер жайында ақпараттандыру;
- қоғамды  мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына қатыстыру;
- жастардың арасында және жалпы қоғамда сыбайлас жмқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
       Отырысты «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының Директоры ИДРИСОВ Саламат Нұрмұханұлы ашып, жүргізіп отырды.
       Осы іс-шараға келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі: 
- ИДРИСОВ Саламат Нұрмұханұлы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының Директоры, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор;
- СЕМҒАЛИЕВ Мэлс Зайноллаұлы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы;
- МАМРАЕВ Бейбіт Баймағамбетұлы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары;
- ӘЙТИМОВ Ақсерік Сарыұлы «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Кеңесінің мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық филиалының Директоры;
- СЕРІКҚАЛИЕВ Ерұлан Рамазанұлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің Басшысы;  
- ЖАХИН Нұрлан Серікұлы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті Басшысының бірінші орынбасары, баяндама тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоғам өкілдерімен талдаудың маңызы – Роль анализа коррупционных рисков представителями общества»;
- ИМАНҒАЛИЕВ Асхат Сәлімұлы – Атырау облыстық Қоғамдық кеңестің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау, құқық қорғау мәселелері жөніндегі комиссиясының Төрағасы, баяндама тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қоғамдық кеңестің рөлі – Роль общественного совета в противодействии коррупции»;
- ЕРМАХАНБЕТОВ Ерлан Мейрамханұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің Басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы, баяндама тақырыбы: «Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысын жетілдіру: ашықтық және адал ниеттілік – Совершенствование личности государственного служащего: открытость и добросовестность»;
- АХМЕТОВА Дариға Алимовна – «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша филиалының басшысы, баяндама тақырыбы: «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет қалыптастырудағы іс-шаралардың маңыздылығы – Значимость мероприятий в формировании антикоррупционной правовой культуры в обществе»;
- ЧУКУРОВ Асхат Ералиевич Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің академиялық мәселелер жөніңдегі проректор, баяндама тақырыбы: «Академиялық адалдық – жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың негізгі факторы – Академическая честность – главный фактор формирования атмосферы нетерпимости к коррупции в системе высшего образования»;
- ДАЙРАБАЕВА Нурбакыт Кылышевна Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Қылмыстық құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, баяндама тақырыбы: «Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құрудың мәселелері – Проблемы построения антикоррупционной комплаенс системы в квазигосударственном секторе».
     Форсайт сессия барысында айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар:
- сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық зияндылығы және оған қарсы іс-қимыл әдістері туралы ақпараттандыруға бағытталған ақпараттық науқандар мен іс-шаралар ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру үшін мемлекеттік және жеке секторлар, сондай-ақ азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты  жандандыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамды жандандыруға бағытталған бастамаларды қолдау;
- білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық кадрларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің тұжырымдамасын әзірлеу.
- сыбайлас жемқорлықтың туындау себептерін зерттеу, болжау, оны жою жолдарын көрсету туралы Ғылыми кеңес құру.
      Жиналыстың соңына қарай «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
      Отырыс соңында:
- сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу өтті;
- жоғарыда көрсетілген Әлеуметтік Жоба туралы студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, буклеттер мен флаерлер таратылды және студенттерден сұхбат алынды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



5bb0bf91-5ead-450d-89a1-ce0cb2fb2a81.jpg


0633bf2a-3d01-4f69-955c-ed0936acdf06.jpg797a3fcb-58b5-492b-bb49-0139fa322045.jpg


d89f8e87-87f8-41ae-a8de-c79dc59b3bda.jpg


17b7a824-a1aa-4a4e-ba40-d0c06e6ab372.jpg


91cc0359-16f8-48d1-98a0-5202dba49d79.jpg


01645b3d-104a-4b84-a454-cdbb67e50d7e.jpg


9747ebec-eb90-4a30-98dd-9669dca75817.jpg


49228528-5492-4ab6-8bfd-dbb939af810a.jpg


bb885da9-97b3-4fe9-ba52-217686f57286.jpg


de903961-52de-4a4a-9a8d-4649a33a8d35.jpg


e4226f96-e1cc-4aa8-84d1-99aa72c7e379.jpg


08bcdb02-d19a-4b6e-b3bc-86d082efd445.jpg


5d24254e-c1bf-43f5-aae3-f45efcbccd65.jpg



Тізімге оралу