«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы филиалында өткен диалог алаңы

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы филиалында өткен диалог алаңы
Диалоговая площадка на базе Филиал Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по городу Алматы 29.03.2024
     2024 жылғы 28 наурызда Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалында Алматы қалалық «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобасының аясында пікір талас алаңы өтті.
     Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
     Бұл жолы диалог үшін «Құқықтық мәдениет – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың басты шарты» атаулы тақырып таңдалды.
      Диалог алаңына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Алматы қаласындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері және мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы қаласының қоғамдық кеңестері мен қоғамдық ұйымдарының мүшелері, БАҚ өкілдері, "ЖАҢАРУ"РҚБ белсенділері қатысты.
      Шараны Алматы қалалық филиалының директоры Джапаров Борис Аликенұлы жүргізіп отырды. Диалогқа  барлық қатысушылар "баяндамалар, сұрақтар-жауаптар" форматында қатысты.
      Жарыссөзге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Әйгерім Жеңісқызы Әбілова, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі департаментінің превенция басқармасының басшысы Қанат Әсембайұлы Сәлімбаев, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры ЖАНАР Қасымбекқызы Рысбекова, Антикор комплаенс саласындағы сарапшы, антикор комплаенс бойынша практикалық курс әдістемесінің авторы, іскерлік этика және комплаенс қауымдастығының мүшесі, "цифрлық комплаенс ассистенті" too Digital Compliance автоматтандырылған платформасының әдіскері - Айпара Орынғалиқызы АДИБАЙ қатысып отырды.
      Талқылау,пікір талас барысында, сөз сөйлегендер құқықтық мәдениеттің теориялық негіздеріне тоқталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері. Комплаенс офицерлерінің рөлі», «Этика мен имидждің ұжымның моральдық- психологиялық және құзыреттілік жағдайына әсері», құқықтық мәдениеттің сыбайлас жемқорлықты барынша азайтатынын тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, сол арқылы құқықтық мәдениет сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың басты шарты екенін дәлелдеп, құқықтық мәдениетті дамыту бойынша ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтты.


   «ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-03-29 at 16.09.44 (3).jpeg


WhatsApp Image 2024-03-29 at 16.09.44 (1).jpeg


WhatsApp Image 2024-03-29 at 16.09.44.jpeg


WhatsApp Image 2024-03-29 at 16.09.43.jpeg





Тізімге оралу