![Проведена лекция в целях повышения правовой грамотности молодежи Проведена лекция в целях повышения правовой грамотности молодежи](/upload/iblock/d97/nk6g9jhrzhild99vwx7gkuii2vb5p9n8.jpg)
Кездесу мен дәріс «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Осы кешенді іс-шараға:
- Ақтобе қаласындағы М.Оспанов атындағы БҚО медициналық университетінің студенттері;
- БАҚ өкілдері;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты
Дәрістің мақсаты:
-жастарды заңсыз әрекеттер мен әрекетсіздіктер туралы ақпараттандыру;
- жастардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
- жастар арасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту;
- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері тақырыбына арналды.
Кездесуде студенттер өздеріне қажетті сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
Кездесу соңында студенттерге сауалнамалар жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі