«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Наурызнама» бағдарламасы туралы диалог өтті

«Наурызнама» бағдарламасы туралы диалог өтті 19.03.2024

      2024 жылғы 19 наурыз күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңсесінде «Наурызнама» бағдарламасының алтыншы күні – «Жаңару күні» Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі «Наурыз мейрамы» туралы диалог өтті.
      Жиналыс «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды. 
      Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда. 
     Осы іс-шараға: 
     - «ЖАҢАРУ» РҚБ басшылық құрамы, Кеңесінің мүшелері, Орталық аппараттының қызметкерлері; 
     - «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты. 
     Кездесуде «Наурызнама» бағдарламасы бойынша белгіленіп, өткізілген мерекелік күндердегі іс-шараларға «ЖАҢАРУ» қозғалысы мүшелерінің қалай қатысып жатқандығы туралы, өткізілетін іс-шараларға қайтіп атсалысатыны туралы ақпараттар айтылып, талқыланды. 
     Диалог барысында: 
     - «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы М.З. СЕМҒАЛИЕВ өз сөзінде Қазақстандағы «Наурыз мейрамын» тойлаудың жаңа форматы, бұл мерекенің «Наурызнама» деп аталуы, іс-шаралардың он күнге созылуы қозғалыс мүшелерінің, бірлестіктің жастар қанаты болып есептелетін, «Жас Қыран» атаулы жастар ұйымына біріккен ұл-қыздар арасында үлкен қызығушылық тудырып және зор қолдау тауып жатқаны туралы айтты; 
      - «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрметті Төрағасы О.А. ӘБДІКӘРІМОВ ұйымның ақсалы ретінде жалпыұлттық қозғалысқа қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес майданындағы азаматтарға «Қазақстан халқының мемлекеттік мерекесі «Наурыз мейрамы» қарсаңындағы «Наурызнама» бағдарламасы жүзеге асып жатқан кездегі бүгінгі кездесуді пайдаланып, қозғалыс мүшелерін, әсіресе жастарды білімді болуға, әсіресе құқықтық сауаттылықты арттыруға, ғылыммен айналысуға, ата-бабаларымыз сияқты табиғатпен біте қайнасып, табиғи һәм адами заңдылықтар мен құндылықтарды сақтауға, ұлт пен ел үшін еңбек етуге, мемлекетіміз бен Отанымызды дамытуға белсенді түрде араласуға шақырамын!» деп батасың берді; 
      - «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасының орынбасары, академик, Б.Б. МАМРАЕВ өз сөзінде «Наурыз мейрамы ешқандай да діни мереке емес, бұл табиғи, ғылыми, салт-дәстүрлік, әлеуметтік, экономикалық негіздері бар Қазақ халқының ұлттық мерекесі!» деп атап өтті; 
      - «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының Директоры  Д.Р. РАХМЕТУЛЛИН «Наурызнама» бағдарламасы он күн бойы өтеді, әр күннің өз тақырыбы бар. Бірлестігіміздің Астана қаласы бойынша мүшелері мерекелік іс-шараларға белсенді түрде қатысып жатыр. Бұндай мерекелік іс-шаралар қалың бұқараның құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейінің қалай екенін зерттеп, зерделеуге мүмкіндік береді.» деп өз сөзінде айтып өтті. 
       Бұл отырыста 2024 жылдың екі жарым айында «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны іске асыру жұмыстарының қорытындылары және «ЖАҢАРУ» бірлестігінің жуық болашақтағы жоспарлары туралы сұрақтар да қаралды. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

d1fc9876-bcf7-44cb-bfdd-a49a1eb0a435.jpg

43d7a78d-b551-4c02-ad21-17b403398f5a.jpg



Тізімге оралу