«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған жаттықтырушылар сотталды

Тренеров осудили за хищения в Шымкенте 12.03.2024      Сот үкімімен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша бір және екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. 
     Қадағалаушы орган таратқан ресми хабарламаға сүйенсек, сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталған.
    "Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді", - делінген хабарламада.         
     Қалалық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. 

Тізімге оралу