«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған көрме

Выставка, посвященная 35-летию вывода советских войск из Афганистана 06.03.2024   
     2024 жылы 22 ақпан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі ғимаратында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған көрме ашты. 
      Бұл көрмені ұйымдастыруға «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы Кеңесінің мүшесі, Ауған соғысы және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектерін үйлестіру кеңесінің Төрағасы Мұрат Мұқтарұлы АБДУШУКУРОВТЫҢ бастамасы ұйтқы болды. 
      Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтуде. 
      Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда. 
     Көрменің ашылуына соғыс және тыл ардагерлері, Қазақстан қарулы күштері және құқық қорғау органдарының ардагерлері, Ауған соғысы және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері, қоғам қайраткерлері, студент жастар жас буын өкілдері, «ЖАҢАРУ» қозғалысының белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
    «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының Директоры Борис Әлікенұлы ЖАПАРОВ көрмені ашу сәтіндегі сөзінде «әскери оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтауға бағытталған осындай бастамалардың маңыздылығын» атап өтті және «Сыбайлас жемқорлық – біздің қоғамға қауіп төндіретін зұлымдық. Бұл азаматтардың билікке деген сенімін, құқықтық мемлекеттің негіздерін бұзады және елдің дамуына кедергі келтіреді. Бірақ, біз оған жол бермейміз!» – деп қоғамдық ұйымдарды еліміз бен болашақ ұрпақтарымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіруге шақырды.
     Іс-шара соңында Ауған соғысы және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері көрмені ұйымдастырушыларға жұртшылықты тәрбиелеуге және ардагерлерге деген үлкен құрметті қалыптастыруға бағытталған еңбектері үшін алғыстарын білдірді. 
     Көрмені мектеп оқушылары, студенттер, әскери мекемелер мен құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері қызығушылықпен көріп тамашалауда.  

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі 


WhatsApp Image 2024-03-06 at 16.59.06 (3).jpeg
WhatsApp Image 2024-03-06 at 16.59.06 (4).jpeg
WhatsApp Image 2024-03-06 at 16.59.06 (5).jpeg
WhatsApp Image 2024-03-06 at 16.59.07 (1).jpeg



Тізімге оралу