
Осы жиылыс «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобасын іске асыру шеңберінде өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Бұл іс-шаралар кешені келесі форматтармен өткізілді:
- Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттеріне дәріс оқу;
- Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жас мамандарымен, студенттерімен кездесу;
- Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жас Қыран» ұйымын құру;
- Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері жасаған бейне материалдарды көру;
- Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері шығарған өлеңдерді оқу;
- Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жас мамандарымен, студенттері арасында сауалнама жүргізу.
Кешенді іс-шара алдымен Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттеріне «Құқықтық сауаттылық – адамның қазіргі заманда өмір сүруі үшін маңызды» деген тақырыпқа дәріс оқумен басталды.
Дәрісті Жұмахан Мұқашұлы ТАҢКЕБАЕВ пен Қасымхан Естемесұлы ТӨЛЕНДИЕВ оқыды.
Дәрістен кейін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие жұмысының меңгерушісі Жамиля АЙДАБОСЫНОВА оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып шықты.
Сосын Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жас мамандарымен және студенттерімен «Құқықтық сауаттылық – адамның қазіргі заманда өмір сүруі үшін маңызды» деген тақырып бойынша заңгер мамандармен кездесу болды.
Одан кейін Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жас Қыран» ұйымы құрылып, оның жетекшісі болып бірауыздан Әбдіқұл НҰРСАҒИ сайланды.
Жастардың бастамасын қолдап Жамбыл жоғары медициналық колледжі Директорының орынбасары Ляззат ҚУАНЫШБЕКОВА, студенттік парламент төрағасы Қуанышбай МЕЙІРМАН мен «Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшесі Диана БАҚЫТ сөз сөйлеп жаңадан құрылған жастар ұйымына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде «Жас Қыран» ұйымының жаңа ғана сайланған Төрағасы Әбдіқұл НҰРСАҒИ сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жас Қыран» мүшелерінің белсенді күресетіндіктерін, қоғамда адалдық пен әділдікті, парасаттылықты насихаттап, дәріптейтіндерін жеткізді.
Содан кейін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің түлегі Еркебұлан СЕРІКҰЛЫ «Білімнің маңызы» атты өзі жасаған мультфильмін көрсетіп, оны қалай жасағаны туралы айтып берді.
Сонан соң Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті жас ақын Смаил БАҚТИЯР қоғамдағы сыбайлас жемқорлық пен әділетсіздікті әшкерелейтін өзі шығарған өлеңдерін оқып берді.
Іс-шара соңында жастармен кері байланыс мақсатында және осы жиналыстан алған әсерлерін білу үшін арнайы сауалнама жүргізілді.
Жиынға Жамбыл облыстық мәслихаттың Депутаты, «АMАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің Төрағасы Жұмахан Мұқашұлы ТАҢКЕБАЕВ, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының Директоры Қасымхан Естемесұлы ТӨЛЕНДИЕВ, Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Ляззат ҚУАНЫШБЕКОВА, заңгер мамандар, «ЖАҢАРУ» қозғалысының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының Директоры Қасымхан Естемесұлы ТӨЛЕНДИЕВ кешенді іс-шараның соңында бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында:
«Өзіміздің кездесуден алған әсеріміз керемет болды.
Бүгінгі жалынды жастарымыз жемқорлыққа қарсы күрес санадан басталатынын түсінгендей болды.
Адамды түзетпей қоғам өзгермейді.
Мақсатымыз – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өскелең ұрпақтың бойында коррупцияға қарсы иммунитетті қалыптастырып, жастардың бойында адалдық пен парасаттылықты, әділдік құндылықтарды дамыту.
Бір сөзбен айтқанда, алдымен тәрбиеге, одан кейін жазаға ден қойған жөн бе деймін.» деп сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы қысқаша өз ойын білдірді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі