«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

ДИАЛОГ АЛАҢЫ

ДИАЛОГ  АЛАҢЫ 26.02.2024        Ағымдағы жылы 22 ақпанда "Инспекция алаңында" Елорда аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жұмыстары бойынша және мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу мәселелері жөнінде инспекция ұжымында жиын өткізілді. Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобасын іске асыру шеңберінде өтті. 
        Бастама сөзінде Инспекция басшысы Сымбат Қалиасқаров бақылау мен қадағалау жүргізу және  мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі жоғары болатынын баяндады. 
         Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп отыруды атап өтті.
         "ЖАҢАРУ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары - Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Рахметуллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау жөніндегі кейбір принциптерді атап өтті.   
         Сонымен қатар, Мемлекеттік инспекторлар бақылау мен қадағалауды жүргізу барысында оларға нақты ішкі бақылау алгоритмін әзірлеуді ұсынды.
         Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы -  Әдеп жөніндегі уәкіл Ержан Шайгозов Мемлекеттік инспекторлардың арасында  фитосанитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әдептілік пен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды және нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы туралы хабарлады.
          Жиналыстың қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша іс-шараларды тұрақты өткізуді және бақылау мен қадағалау барысында Мемлекеттік инспектордың нақты ішкі алгоритмін әзірлеу бойынша уағдаласты.
          Ағымдағы жылы 22 ақпанда инспекция алаңында Елорда аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жұмыстары бойынша және мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу мәселелері жөнінде инспекция ұжымы арасында жиын өткізілді.
          Бастама сөзінде инспекция басшысы С. Қалиасқаров бақылау  мен қадағалау жүргізу және  мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі аса жоғары екенін,  осы ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп отыруды атап өтті.
          "ЖАҢАРУ" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары – Астана қаласы филиалының директоры Д.Рахметуллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау жөнінде жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, инспекторлар бақылау мен қадағалауды жүргізу барысында оларға нақты ішкі бақылау алгоритмін әзірлеуді ұсынды.
          Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы -  Әдеп жөніндегі уәкіл Е. Шайгозов мемлекеттік инспекторлардың арасында  фитосанитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әдептілік пен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды және нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы туралы хабарлады.
          Жиналыстың қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша іс-шараларды тұрақты өткізуді және бақылау мен қадағалау барысында инспектордың нақты ішкі алгоритмін  әзірлеу бойынша уағдаласты.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


WhatsApp Image 2024-02-26 at 18.49.51 (1).jpeg 

WhatsApp Image 2024-02-26 at 18.49.51 (2).jpeg

WhatsApp Image 2024-02-26 at 18.49.52.jpeg


WhatsApp Image 2024-02-26 at 18.49.52 (1).jpeg

Тізімге оралу