«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Квазимемлекеттік ұйыммен диалог өтті

Диалог с квазигосударственной организацией 26.02.2024

     2024 жылы 21 ақпан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасының орынбасары, бірлестік Кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, академик Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ Астана қаласындағы квазимемлекеттік ұйым – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы басшылығымен диалог ұйымдастырды.

     Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобасын іске асыру шеңберінде өтті.

    Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

     Диалогқа «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы Еламан Қанатұлы АЙБУЛЬДИНОВ және осы акционерлік қоғамның өңірлік филиалдарының Директорлары қатысты.

     Кездесу барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

     Е.Қ. АЙБУЛЬДИНОВ өз сөзінде «2024 жылға арналған жұмыс жоспарының келешек бағыттарына тоқталып, аттестаттаудың жаңа ережелерін ескере отырып, мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасында аттестаттау рәсімін өткізу алгоритмі» туралы айтты. 

     Б.Б. МАМРАЕВ өз сөзінде «2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың негiзгi аспектiлерiн, педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру үшiн жоғары оқу орындарымен педагогтардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң тығыз өзара iс-қимыл жасау қажеттiгiн, » атап өтті.

     Диалог барысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

WhatsApp Image 2024-02-26 at 18.29.32.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-26 at 18.28.58.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-26 at 18.30.31.jpegWhatsApp Image 2024-02-26 at 18.30.57.jpegWhatsApp Image 2024-02-26 at 18.31.46.jpeg




Тізімге оралу