«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Қонаев қаласында аға прокурор ұсталды

Старшего прокурора района задержали в Алматинской области 23.02.2024
Бұған дейін әлеуметтік желілерде үш миллион теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты 2024 жылғы 22 ақпанда растады.

"Біз ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттері мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаев қаласында ұсталу фактісін растаймыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етуге жатпайды".
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Тізімге оралу