20.02.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметте командамен көшу үрдісі әлі де тыйылмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы президент әкімшілігіне және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды.
"Жалпы, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр саясатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс. Әрине, бұл агенттік басшылығына айрықша жауапкершілік жүктейді", – деді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.