
2024 жылы 13 ақпан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы ШӘПКЕНОВТІҢ Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушы-профессорларымен және студенттерімен кездесуін ұйымдастырды.
Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Кездесудің мақсаттары:
- жастарды заңға қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар қылу;
- жастардың құқықтық қауіпсіздігін сақтау;
- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
- жастардың арасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту.
Іс-шараға келесі лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:
- Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы ШӘПКЕНОВ;
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының орынбасары, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ;
- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма Төрағасы-Ректор Саламат Нұрмұханұлы ИДРИСОВ.
Кездесуді «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының Директоры, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма Төрағасы-Ректор Саламат Нұрмұханұлы ИДРИСОВ жүргізіп отырды.
Жарыссөз барысында бірқатар баяндамалар жасалды.
Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы ШӘПКЕНОВ өз сөзінде жергілікті әкімдік тарапынан университетке жаңа жатақхана құрылысын салуға қажетті деңгейде қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұдан бөлек, өңірдегі білім сапасын арттыратын кадрларды даярлауға облыс әкімі аппаратының әрдайым қолдау жасайтынын, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және студенттердің креативті идеяларын дамытып, қоғам игілігіне айналдыруға көмектесетінін айтты. Өңір басшысы университетте атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрмесімен танысып, ғалымдардың өнертабыстарын өндіріске айналдырудың келешекте аймақ үшін маңызды екендігін атап өтті.
Бейбіт Баймағамбетұлы МАМРАЕВ жастарға сапалы білім алуға, ізденуге, ғылыммен айналысуға, адал азамат болуға шақырды;
Жиын соңында:
- студенттер баяндамашылар кездесудің мақсаттарын толығымен ашты деген пікірлерін білдірді;
- студенттер лауазымды тұлғаларға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, олардың тарапынан тұжырымды жауаптар алды;
- студенттер ұйымдастырушылар таратқан анкеталарды толтырды;
- студенттерге ұйымдастырушылар тарапынан «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны іске асыру құралдарының бірі болып табылатын флаерлер, буклеттер таратылды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі