«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жемқорлықсыз жарқын болашақ!

Светлое будущее без коррупции! 13.02.2024
     «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының «Жас Қыран» атаулы жастар қанаты клубы жетекшілерінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы аудандағы Құлан ауылында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 2024 жылы 12 ақпан күні  «Жемқорлықсыз жарқын болашақ!» тақырыбында белсенді жастармен кездесу ұйымдастырды. 

Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті. 


Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда. 

Іс-шараға келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі: 


- Қ.Е. ТӨЛЕНДИЕВ – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының Директоры; 
 
- М.Қ. МЕЙМАНХАНОВ – Құлан ауылындағы № 6 мектеп-гимназиясының директоры, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық  Мәслихатының депутаты; 
 
- Е. ЖӘДІК – Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның «Жастардың ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Директоры; 

 
- О. МҰСАҚҰЛОВ – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы аудандағы, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Директоры. 

Жарыссөзде сөйлегендер колледж жастарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мен жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру туралы тың ойларымен бөлісті. 

Кездесу барысында «Жас Қыран» клубының мүшелері «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында бейне ролик көрсетті және жастар арасында «Жемқорлықсыз жарқын болашақ!» атты челлендж бастайтындары туралы мәлімдеме жасады. 

Кездесу соңында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің Студенттік Парламент Спикерлері КАМИДУЛЛА Ернар мен ТЕКЕЕВА Амина және ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының «Жас Қыран» атаулы жастар қанаты клубының жетекшісі УСТЕМИРОВ Есжан «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2024-02-13 at 19.05.12.jpegWhatsApp Image 2024-02-13 at 19.05.12 (1).jpegWhatsApp Image 2024-02-13 at 19.05.13 (1).jpegWhatsApp Image 2024-02-13 at 19.05.13 (2).jpegWhatsApp Image 2024-02-13 at 19.05.13 (3).jpegWhatsApp Image 2024-02-13 at 19.05.13.jpegWhatsApp Image 2024-02-13 at 19.05.14.jpeg


Тізімге оралу