«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Тараз қаласында дәріс және рейд өткізілді

В городе Таразе проведены лекция и рейд 31.01.2024

2024 жылғы 25-26 қаңтар күндері «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында Тараз қаласында екі іс-шара ұйымдастырды.

 Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

 Алдымен, яғни 2024 жылғы 25 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының номері 5513 әскери бөлімінде және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында рейд ұйымдастырылды.

 Сосын яғни 2024 жылғы 26 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында дәріс ұйымдастырылды.

 Аталған іс-шараларға:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының номері 5513 әскери бөлімінің жас сарбаздары;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жас сарбаздары;

- Тараз қаласындағы колледждердің студенттері;

- БАҚ өкілдері;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ардагерлер ұйымының Төрағасы Ақайдар Дүйсенбиев;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының номері 5513 әскери бөлімінің саяси тәрбие жөніндегі бөлім Басшысы, подполковник Бинұр Ырысқұлов;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Басшысы, полиция подполковнигі Медеу Талқанбаев;

- барлығы 200 тарта адам қатысты.

 «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының Директоры Қасымхан Естемесұлы ТӨЛЕНДИЕВТІҢ басшылығымен осы іс-шаралар ұйымдасқан түрде өтті.

 Студенттер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының номері 5513 әскери бөлімінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ғимараттарына рейд жасап, осы ұйымдардың қызметімен және тарихымен танысты.

 Жас сарбаздар мен студенттер дәріс барысында:

- Мемлекет Басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары туралы;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ қызметтері туралы;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жұмысы туралы;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жанындағы «Жас Қыран» жастар ұйымы туралы;

- «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жоба туралы;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ 2023 жылғы 24 қараша күні Астана қаласында ұйымдастырған «БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына 20 жыл: Қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктірейік» атаулы халықаралық конференция туралы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының номері 5513 әскери бөлімінің қызметі туралы;

-  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жұмысы туралы көптеген мәліметтер алды.

 Рейд пен дәріс кезінде жас сарбаздар мен студенттердің сұрақтарына мамандар тарапынан түсініктемелер берілді.

встреча жамбыл фото 3 — копия.jpeg

Встреча Жамбыл фото2.jpeg

Встреча жамбыл фото 4.jpeg
Встреча и рейд Жамбыл фото 6.jpeg
встреча и рейд Жамбыл фото 7.jpeg
встреча и рейд Жамбыл фото 8.jpeg

  «ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


Тізімге оралу