«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жезқазғандағы кездесу – 2024 жылғы 19 қаңтар

Встреча в Жезқазғане – 19 января 2024 года 24.01.2024

2024 жылғы 19 қаңтарда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Ұлытау облыстық филиалы Жезқазған қаласының Гуманитарлық колледжінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына  сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» Әлеуметтік Жобасы аясында колледждің студенттерімен, жас қызметкерлерімен құқық қорғау саласы мамандарының кездесуін ұйымдастырды.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

Кездесудің тақырыбы:

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру».

Шараның мақсаттары:

- жастарды сыбайлас жемқорлықтан сақтануға шақыру;

- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

- жастарға «Адал азамат», жауапкершілік және патриотизм қағидаттарын сіңіру.

Кездесуді «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестінің Ұлытау облысы филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Серік Кәрібайұлы ОСПАН жүргізіп отырды.

Кездесуге келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:

- Орынбасар ТАСТАНБАЕВ – құқық қорғау органының ардагері, отставкадағы полковник;

- Дәурен Төлегенұлы АХМЕТОВ – Ұлытау облыстық полиция департаментінің аппарат Басшысы, полковник, заң ғылымдарының профессоры, ағылшын тілінің маманы;

- Бақытжан Игенұлы КӨПБАЕВ – «ЖАҢАРУ» РҚБ Ұлытау облысы филиалының «ЖАС ҚЫРАН» жастар қанатының жетекшісі;

- Айгүл Сапарханқызы ИСАХАНОВА Гуманитарлық колледждің директоры;

- Серік Кәрібайұлы ОСПАН – «ЖАҢАРУ» РҚБ Ұлытау облысы филиалының директоры.

Жарыссөз барысында облыс және колледж бойынша жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, академиялық адалдықты сақтауға бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.

Кездесу соңында студенттер мен жас қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиімді жүргізудің жолдары туралы өз пікірлерін айтты және осы әлеуметтік құбылысқа байланысты сұрақтар қойып, ол сұрақтарға мамандардан жауап алды.

 

 Без имени.jpg

Без имени2.jpg

Без имени3.jpg

Без имени5.jpg
Без имени6.jpg

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

 


Тізімге оралу