«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің 2023 жылғы қорытындылары

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің 2023 жылғы қорытындылары
Итоги деятельности Республиканского общественного объединения «Общенациональное движение против коррупции «ЖАҢАРУ» за 2023 год 22.01.2024

2013 жылғы 25 қараша күні құрылған «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі қызметінің мәні Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бірлестіктің Жарғысына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның туындау себептерін жою болып табылады.

 Бірлестіктің мақсаттары:

- Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын қолдау;

- қалың бұқараны қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарға көмек көрсетуге шоғырландыру;

- сыбайлас жемқорлықты және мемлекеттік және өзге де ұйымдар мен қызметтердің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс пайдалану жағдайларын анықтауға көмектесу;

- сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды анықтау бойынша талдау жүргізу және оларды жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

- қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарасты қалыптастыру;

- қоғамдық бақылау құрылымдарын құру. 

 «ЖАҢАРУ» РҚБ 2023 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Бірлестік Жарғысының аясында еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласты.

 Бірлестіктің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстарда филиалдары бар және олар Бірлестіктің аудандық филиалдарын, сосын Бірлестіктің «Жас Қыран» жастар ұйымының бөлімшелерін құрумен де айналысуда.

 2023 жылы Бірлестіктің 14 филиалында «Жас Қыран» атауымен Бірлестіктің жастар ұйымының бөлімшелері құрылды.

 Шетелдік қоғамдық ұйымдармен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша іскерлік байланыстар орнатылды.

Бірлестіктің БҰҰ сайтында ағылшын тілінде жеке парақшасы бар.

«ЖАҢАРУ» РҚБ заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, заңнамалық және нормативтік актілерді әзірлеу жұмыстарына белсенді түрде қатысып отырады.

«ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері халықаралық ұйымдардың, республикалық, облыстық және жергілікті билік органдарының Қоғамдық кеңестеріне белгіленген тәртіппен сайланып немесе тағайындалып отырды.

 2023 жылы республиканың мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қою бойынша жұмыс жалғасты, мысалы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, жаңадан құрылған облыстардың әкімдерімен Меморандумдарға қол қойылды.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ басшылығы мен Кеңес мүшелері, сондай-ақ «ЖАҢАРУ» РҚБ филиалдарының Директорлары мен белсенділері елімізде өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың барлығына қатысып отырды.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды, соның ішінде халықаралық ауқымда тұрақты түрде жүргізіп отырды.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ 2023 жылғы 24 қараша күні Астана қаласында «БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына 20 жыл: Қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктірейік» атаулы халықаралық конференция ұйымдастырды.

 Аталмыш халықаралық конференция БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына 20 жыл және «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына арналды.

 «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына орай «ЖАҢАРУ» – 10 жыл» атты бейнеролик дайындалып, Бірлестіктің сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ қызметкерлері мен мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалары мен басқа да  материалдарын тұрақты түрде жариялап отырды.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы М.З. СЕМҒАЛИЕВ 2023 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне бір сұхбат және екі рет «24KZ» телеарнасына сұхбат берді, бұл сұхбаттар әлеуметтік желілерде жарияланды.

 2023 жылғы 10 қазан күнгі «Егемен Қазақстан» газетінде «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О. Әбдікәрімовтің «Ұлттың тарихи күні» атаулы мақаласы жарық көрді.

 2023 жылдың наурыз және қараша айларында Бірлестік газетінің әрқайсысы 1000 дана таралыммен 2 саны шығарылды.

 2023 жылдың соңында Бірлестіктің веб-сайты жаңартылды, оның дизайны заманауи және ыңғайлы болды.

 2023 жылы бизнес ортада «корпоративтік сыбайлас жемқорлық» деп аталатын әлеуметтік құбылысты зерттеу басталды.

 Сыбайлас жемқорлықпен күресуде біршама тәжірибесі бар «BI Group» холдингі базасында «корпоративтік сыбайлас жемқорлық» құбылысын зерделеу мақсатында «ЖАҢАРУ» РҚБ бастамасымен 2023 жылғы 25 желтоқсан күні «ЖАҢАРУ» РҚБ басшылығы және «BI Group» холдингі басшылығы арасында кездесу өткізілді.

2023 жылы Бірлестік «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды бастады.

Жоғарыда аталған әлеуметтік жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

 Осы әлеуметтік жоба аясында «ЖАҢАРУ» РҚБ 15 міндет жүктелді, оны жүзеге асыру үшін Бірлестік 108 іс-шара (кездесулер, лекциялар, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, рейдтер, сұхбаттар және т.б.) ұйымдастырды.

Іс-шараларға 6309 адам қатысты, оның 5390 жастар болды.

Жобаның ақпараттық қамтылуы 3 миллионнан астам адамды құрады.

 Жобаны іске асыруға 354 маман тартылып, 41 үкіметтік емес ұйым қамтылды.

 Жобаның аясында:

- әлеуметтік желілер мен ақпараттық агенттіктердің жастар мен құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынас проблемаларына назар аударуына талдау жасалды;

- жастар аудиториясына арналған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ерліктері туралы 2 бейнеролик шығарылды;

- шетелдік және халықаралық серіктестер жобаның орындалу барысы туралы хабардар етілді;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының жұмысымен таныстыруға арналған рейдтер жүргізілді;

- тақырыптық материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде «24KZ» телеарнасында, «Егемен Қазақстан» газетінде, аймақтық телеарналарда, Бірлестіктің сайтында жарияланды;

- жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әдістемелік құралдар шығарылды;

- жалпы таралымы 5 мың данадан асатын флаерлер, құқықтық кітапшалар, жадынамалар жасалып, жастар арасында таратылды;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдарында 33 кездесу, 20 дәріс, 8 пікірталас іс-шарасы, 7 дөңгелек үстел, 6 акция және флешмоб, 11 рейд өткізілді.

 Әлеуметтік жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен, Астана қалалық полиция Департаментінен, саяси партиялардан, оқу орындарынан, жергілікті атқарушы органдардан Алғыс хаттар келді.

 Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің 15 түлегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қолынан жұмысқа шақырту алды.

 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылымдарымен, облыстар мен аудандардың әкімдіктері және мәслихаттарымен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен өзара іс-қимыл жобаның тиімділігін едәуір арттырды.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ көптеген серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімдері бар, бұл өзара әрекеттесуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

 Әлеуметтік жобаны іске асыру нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірленіп, олар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне және жергілікті атқарушы органдарға жіберілді.

 «ЖАҢАРУ» РҚБ қызметі 2024 жылы, әдеттегідей, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бірлестік Жарғысына сәйкес әзірленген Бірлестіктің жоспарлары негізінде жалғасады.

Фото 2.jpg

Фото 3.jpg

Фото 4.jpg

Фото 5.jpg

Фото 6.jpg

Фото 7.jpg

Фото 8.jpg

Фото 9.jpg

 «ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


Тізімге оралу