2024 жылғы 10 қаңтарда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы «ЖАҢАРУ» РҚБ 2024 жылға арналған іс-шаралар Жоспарын талқылауды ұйымдастырды.
Талқылауға Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері, магистрлары, докторанттары, жас қызметкерлері, «ЖАҢАРУ» РҚБ облыстың қалалары мен аудандарынан келген белсенділері қатысты.
Іс-шараны Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, «ЖАҢАРУ» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы Директорының орынбасары Әліби Науханұлы Баяхов жүргізіп отырды.
Ә.Н. Баяхов «ЖАҢАРУ» РҚБ 2024 жылға арналған іс-шаралар Жоспарының әр тармағына тоқталып, олардағы айтылған іс-шаралардың мән-мағынасын түсіндіріп, соларға қатысты анықтамалар, мәліметтер, мағлұматтар берді.
Ә.Н. Баяхов мәжіліске қатысушыларды «ЖАҢАРУ» РҚБ 2024 жылға арналған іс-шаралар Жоспарының негізінде жасалған облыстық филиалдың жұмыс Жоспарымен таныстырды және де облыстық филиалдың жұмыс Жоспарының әр тармағына тоқталып, олардағы айтылған іс-шаралардың мән-мағынасын түсіндіріп, соларға қатысты анықтамалар, мәліметтер, мағлұматтар берді.
Ә.Н. Баяхов осы отырыста «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның бірінші этапының 2023 жылғы орындалу қорытындылары туралы ақпарат берді.
Жоғарыда аталған Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Отырыс кезінде жиналысқа қатысушыларда сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.
Іс-шараның соңында Ә.Н. Баяхов жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі