
Кездесу еркін және ашық жағдайда өтті.
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын орындау;
- «BI Group» холдингінің сыбайлас жемқорлықпен, оның ішінде корпоративтік сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы тәжірибесін «ЖАҢАРУ» РҚБ тарапынан тарату;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын іске асыру жөніндегі «ЖАҢАРУ» РҚБ мен «BI Group» холдингі арасында Меморандумның, «ЖАҢАРУ» РҚБ мен «BI Group» холдингінің бірлескен іс-шаралар Жоспарының жобаларын әзірлеу;
- мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың арасындағы іс-қимылы саласына «BI Group» холдингінің цифрландыру, айқындық, жариялылық туралы бастамаларын енгізу жұмыстарына «ЖАҢАРУ» РҚБ тарапынан қолдау көрсету;
- «BI Group» холдингінің құрылымдарында «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны іске асыру.
Жоғарыда аталған Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Кездесуде келесі лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:
- О. АБДЫКАРИМОВ – «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы;
- Б.Б. МАМРАЕВ – «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары;
- Д.Р. РАХМЕТУЛЛИН – «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары – «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалының Директоры;
- Қ.Х. АЛИЕВ – «ЖАҢАРУ» РҚБ Орталық аппаратының басшысы.
- А. Г. ОМАРОВ – «BI Group» холдингі Басқармасының Төрағасы.
- И.А. КИМ – «BI Group» холдингінің HR директоры;
- Н.Ғ. ХАЛЫҚБЕРГЕН – «BI Group» холдингінің РR директоры;
- Л. АБИШЕВА – «BI Group» холдингінің Сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы.
Кездесу нәтижесінде талқыланған мәселелерді жүзеге асырудың нысандары мен әдістері көрсетілген «ЖАҢАРУ» РҚБ мен «BI Group» холдингі арасында Меморандумның, «ЖАҢАРУ» РҚБ мен «BI Group» холдингінің бірлескен іс-шаралар Жоспарын дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі