«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Астана қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай байқау өтті

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Астана қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай байқау өтті
Итоги городских Конкурса по случаю Международного дня борьбы с коррупцией 08.12.2023

2023 жылғы 08 желтоқсан күні «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген қалалық байқаудың қортындысын шығарды. 

Бұл іс-шара Астана қаласы Әкімдігімен және елордадағы аудан әкімдіктерімен бірлесіп ұйымдастырылды. 

Байқаудың қорытындысы бойынша келесі номинацияларда жеңімпаздар анықталды: 

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатураға арналған Конкурс»;

- «Бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жан-жақты ашуға арналған Конкурс»;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізгені үшін Астана қаласының үздік мекемелеріне Конкурс»;

- «Елорданың үздік мемлекеттік қызметшісі Конкурсы».

Байқаудың мақсаттары:

- қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарасты қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік карикатураға арналған Конкурсқа 78 студент пен мектеп оқушылары қатысты.

Бұл Конкурстың жеңімпаздары болып № 63 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы А. Ахметжанова (жетекшісі Ж.М. Сейдахметова), № 38 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы А. Бейсенов (жетекшісі Қ.Қ. Тулеуов), № 48 мектеп-лицейдің 7А сынып оқушысы М. Ахмет (жетекшісі Г.Е. Жұбайда) анықталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жан-жақты ашуға арналған Конкурсқа 10 журналист қатысты.

Бұл Конкурстың жеңімпазы болып Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі А.Ж. Тілепов анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізгені үшін Астана қаласының үздік мекемелеріне атты Конкурсқа 9 мекеме қатысты. 

Бұл Конкурстың жеңімпаздары болып Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық мемлекеттік мекемесі анықталды.

 Елорданың үздік мемлекеттік қызметшісі атаулы Конкурсқа 50 мемлекеттік қызметші қатысты.

Бұл Конкурстың жеңімпаздары болып «Алматы» ауданы әкімдігінің Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы С.М. Бекенова,  «Есіл» ауданы әкімдігінің Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Ж. Молдабекқызы, «Алматы» ауданы әкімдігінің Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Е.Т. Сарсекеев анықталды.

Байқаудың жеңімпаздары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың белсенділері Астана қаласы аудан Әкімдерінің Алғыс хаттарымен, Бағалы сыйлықтарымен және «ЖАҢАРУ» Бірлестігінің Медальдарымен, Төс белгілерімен, Дипломдарымен, Алғыс хаттарымен, Бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Бұл байқаулар «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның шеңберінде ұйымдастырылды. 

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

Форумға келесі лауазымды адамдар қатысып, сөз сөйледі:

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасы М.З. Семғалиев;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Құрметті Төрағасы О. Абдыкаримов;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары - «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалының Директоры Д.Р. Рахметуллин;

- Астана қаласы «Есіл» ауданы Әкімдігінің Аппарат Басшысы Б.Ә. Жүнісбеков;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Басшысының орынбасары У.Н. Курамаев;

- Заң ғылымдарының докторы, профессор Ж.И. Ибрагимов;

- «ЖАҢАРУ» РҚБ «Алматы» аудандық филиалының Директоры Д.Қ. Қаппаров. 

Іс-шараға Астана қаласы Әкімдігінің, Астана қаласы аудандық әкімдіктерінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, оқу орындарының өкілдері және «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері қатысты.

Бұндай байқаулар Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жыл сайын өткізіліп тұрады. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі 

фото (11).JPG
фото (13).JPG
фото (12).JPG
фото (22).JPG
фото (24).JPG
фото (8).JPG
фото (9).JPG
фото (10).JPG
фото (15).JPG
фото (16).JPG
фото (17).JPG
фото (18).JPG
фото (19).JPG
фото (20).JPG
фото (7).JPG
фото (23).JPG
фото (21).JPG



Тізімге оралу