«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік 15.11.2023

2023 жылғы 14 қарашада Орал қаласында «ANTIKOR ORTALYGY» ғимаратында Орал қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестер, құқық қорғау органдары және «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы өкілдері қатынасқан жиналыс өтті.
Іс-шарада мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл шараларының барысы туралы сөз қозғалды.
 Жиналыста:
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Басшысы Ә.Н. Сабуров;
- Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы С.Н. Нұрмағамбетов;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Басшысы  М.Е. Утаралиев;
- «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы Директорының орынбасары А. Баяхов және басқа да лауазымды тұлғалар баяндама жасады. 
А. Баяхов өз баяндамасында «ЖАҢАРУ» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары туралы айтты.
А. Баяхов сонымен қатар, жиналысқа қатысып отырғандарға «ЖАҢАРУ» РҚБ мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырып жатқан «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жоба туралыда мағлұмат берді. 
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Жиналысты Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесі жанындағы «Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия» Төрағасы Ж.М. Төремұратова қортындылады. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі 

Орал 6.jpg

Орал 5.jpg

Орал 4.jpg

Орал 2.jpg

Орал 3.jpg

Орал 1.jpg



Тізімге оралу