«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Атырау гуманитарлық колледжі базасында Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

  • ЖАҢАРУ
  • Жаңалықтар
  • Атырау гуманитарлық колледжі базасында Дөңгелек үстел ұйымдастырылды
На базе Атырауского гуманитарного колледжа имени Қ. Дутбаевой был организован Круглый стол 07.11.2023

2023 жылғы 30 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында Қ. Дутбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі базасында Дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Бұл Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.

Дөңгелек үстелдің мақсаттары:

- жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар ету;

- жастардың құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;

- жастардың ортасында құқық қорғау органдарының және олардың қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру;

- жастарға «сұрақ – жауап» арқылы нақты құқықтық көмек көрсету;

- мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстарды талқылау.

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы мүшесі  Аманжан Қизатбайұлы Карим жиналысты ашты, сосын оны жүргізіп отырды, оның барысында баяндама жасады, соңында қорытынды сөз сөйлеп оны жапты.

Дөңгелек үстелдің жұмысына келесі лауазымды тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:

- Қабделова Асем Сатымғалиқызы – Қ. Дутбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі Директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі Орынбасары;

- Салимов Даулет Құрметұлы – Қ. Дутбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің Өнер және мәдениет бөлімінің Меңгерушісі;

- Сарсембаева Айжан Махсутовна - Атырау қалалық білім бөліміне қарасты 18 "Балдырған" бөбекжай-бақшасы директоры; Атырау қалалық мәслихат депутаты; Атырау облысы бойынша балалар құқығын қорғау өңірлік уәкілі;

- Насипкалиев Арман Нұрланұлы – Атырау қаласы Полиция басқармасы, № 1 қалалық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің участкілік полиция қызметкері, полиция аға лейтенанты;

- Менешкалиева Гүлім Нұрбайқызы – Атырау қаласы Полиция басқармасы, № 1 қалалық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің участкілік полиция қызметкері, полиция капитаны;

- Шахманова Самал Жетісқызы – «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының мүшесі.

Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының мамандары колледждің студенттеріне, жас ұстаздары мен қызметкерлеріне «сұрақ – жауап» арқылы нақты құқықтық көмек көрсетті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі 

IMG-20231103-WA0022.jpg         IMG_3387.JPG

IMG_3389.JPG      IMG_3424.JPG

IMG-20231103-WA0023.jpg      IMG_3383.JPG

IMG_3317.JPG       IMG_3323.JPG

IMG_3331.JPG       IMG_3375.JPG



Тізімге оралу