
Жастардың құқықтық санасын дамыту
2023 жылғы 02 қараша күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеттің базасында Дөңгелек стол ұйымдастырды.
Бұл Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Дөңгелек үстелге Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойыншы білім алушы студенттер қатысты.
Іс-шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ Төрағасының орынбасары – «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қалалық филиалының Директоры Рахметуллин Даулеткерей Рахметоллаұлы және «ЖАҢАРУ» РҚБ Астана қаласы Есіл ауданы бойынша филиалының Директоры, Ақмола облысы Целиноград ауданы кәсіпкерлер палатасының Директоры Тулешов Ерулан Сәбитұлы, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері және Л.Н. Гумилёв атындағы Евразия ұлттық университетінің белсенді студенттері қатысып, сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, отандық және шетелдік тәжірибе».
Баяндамашылар еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі туралы мәліметтерді Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия мемлекеттеріндегі жағдайлармен салыстырды, аталған елдердің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибелерін талдады.
Осындай іс-шаралар:
- жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға;
- жастардың құқықтық сауаттылығын жоғарлатуға;
- жастардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыруға;
- жастардың құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен серіктестігін дамытуға;
- құқық қорғау органдарын реформалауға;
- мемлекеттік қызметкерлердің халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыруға;
- мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі