«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Талдықорған қаласындағы рейд

Талдықорған қаласындағы рейд 02.11.2023

2023 жылғы 31 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының Жоғары медициналық колледжінің студенттері Талдықорған қаласы полиция департаментінің ғимаратына рейд жасап, осы құқық қоғау органының қызметімен танысты.

Бұл іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.

Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда. 

Шараның мақсаты:

- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру;

- құқық қорғау органдарына сенім деңгейін жоғарлату;

- полицияның жастармен өзара іс-қимылын оңтайландыру.

Рейдті ұйымдастыруға:

- «ЖАҢАРУ» РҚБ Жетісу облыстық филиалының Директорының орынбасары Диас Инкибаев;

- полиция подполковнигі Ерлан Ермекұлы Аблайханов;

- полиция капитаны  Думан Сарыбаев  және басқа да жауапты полиция қызметкерлері қатысты.

Шара барысында студенттер:

- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын патрульдік полиция жасақтарының нұсқамасына қатысты;

- полицейлердің заманауи үлгідегі арнайы техникалары, құралдары және басқа да жабдықтары қойылған көрмені тамашалады;

- қылмысты тез арада іздестіру тәсілдері, қылмыстың алдын алудың жолдары туралы ақпараттар алды;

- жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру туралы мамандардан ақыл-кеңес алды. 

Осындай іс-шаралар, яғни өзара іс-қимылдың бұндай модельдерін қолдану құқық қорғау органдарының жұмысы сапасын арттыруға арналған реформалар жасауға жастарды қатыстыруға жол ашады. 

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

Талдыкорган рейд (1).jpeg           Талдыкорган рейд (3).jpeg

Талдыкорган рейд (2).jpeg          Талдыкорган рейд (5).jpeg

Талдыкорган рейд (4).jpeg        Талдыкорган рейд (6).jpeg

Талдыкорган рейд (7).jpeg            Талдыкорган рейд (8).jpeg

Талдыкорган рейд (9).jpeg         Талдыкорган рейд (10).jpeg

 Талдыкорган рейд (11).jpeg       Талдыкорган рейд (13).jpeg

Талдыкорган рейд (12).jpeg       Талдыкорган рейд (14).jpeg

Талдыкорган рейд (16).jpeg        Талдыкорган рейд (18).jpeg

Талдыкорган рейд (20).jpeg 




Тізімге оралу