
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру
2023 жылғы 27 қазанда «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында Дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Дөңгелек үстелдің Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Жастардың заңға қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болуын, құқықтық қорғалуын және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Жастар арасында құқық қорғау органдарының оң имиджін нығайту.
Бұл іс-шараға мемлекеттік органдардың, соның ішінде Қостанай облысы бойынша құқық қорғау органдарының өкілдері, Қостанай облысы маслихатының Депутаттары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, студенттер, «ЖАҢАРУ» РҚБ белсенділері, университет өкілдері, барлығы 90 адам қатысты.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Қостанай облыстық филиалының Директоры Жабаев Асқар Болатұлы Дөңгелек үстелдің Модераторы болды.
Іс-шараға келесі тұлғалар қатысып, сөз сөйледі:
- Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Қуанышбаев Сеитбек Бекенұлы;
- Қостанай облысы маслихатының Депутаты, «ТоболИнфо» АА редакторы Серғазинова Александра Қабдуллаевна;
- ҚР ІІМ ардагері, полиция генерал-майоры Аймағамбетов Бекет Иманұлы;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Басшысы Салықбаев Ерлан Амандықұлы;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті Басшысының бірінші орынбасары Лукпанов Ержан Жолдасович;
- Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Басшысы, юстиция полковнигі Рыспаев Нияз Канатұлы;
- Қостанай облысы маслихатының Депутаты, Қостанай облысы бойынша «Ел намысы» арнайы мониторинг тобының Төрағасы Өтебаева Динара Қаирбекқызы;
- «ЖАҢАРУ» РҚБ Қостанай облыстық филиалының «Жас Қыран» жастар ұйымының басшысы Серiк Аяжан.
Шара соңында «Сұрақ-Жауап» форматында пікір алмасу өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған Әлеуметтік Жобаны іске асыру бойынша қатысушылардың ұсыныстары бар Резолюция қабылданды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі













