2023 жылғы 24 қазан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалы «ЖАС ҚЫРАН» жастар қанаты мүшелері ЕНУ, АТУ студенттері Астана қалалық Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болып атқаратын жұмыстарымен танысты. Орталықтардың ерекшеліктері жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмірлік белгілерді беру бойынша қызметтерді ұсыну болып табылады. Кезектерді болдырмау үшін сенімді электрондық жүйе қарастырылған.
Қызметтерге ақы төлеуді Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі кезінде тікелей банк картасы арқылы жүзеге асыруға немесе дәстүрлі түрде екінші деңгейдегі банктердің кассаларын пайдалануға болады. "Азаматтарға арналған үкімет" қазақстандықтарға қызмет көрсету үшін ұсыну процесі барынша автоматтандырылған. Мәселен, жүргізуші куәліктерін алу уақыты 6-дан 2 сағатқа дейін қысқартылған, ал автокөлік нөмірі мен техпаспортын 90 минут ішінде алуға болады. Автокөлікті тіркеу кезінде жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтырудың, анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ, оның орнына орталық операторлары жүргізуші туралы қажетті деректерді тиісті дерекқорлардан дербес табады.Қызмет көрсету барысында адами фактор толығымен алынып тасталған, өйткені бағалауды орталық компьютер қояды. Қызмет ету процестері бірнеше камерадан үнемі бейнебақылау жүргізіледі. Техникалық жабдықтандыру туралы айтатын болсақ, бөлімдерінің қалалық кешендерінің аумағында практикалық емтихандар өтетін ауданы 1 га автодром және келушілеріне арналған тегін автотұрақ бөлінген."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " мүлдем транспарантты және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін алшақтатылған.
Аталмыш іс-шара жастардың құқық қорғау органдарына сенімін деңгейін арттыру, оларды құқық қорғау органдарының жұмысымен кеңірек таныстыру, жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, кеңес, нақты көмек беру яғни «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында ұйымдастырылды.Қатысқандар Астана қалалық “ЖАҢАРУ” РҚБ директоры Даулеткерей Рахметоллаұлы, ”ЖАҢАРУ” РҚБ аппарат жетекшісі Қабдулла Әлиев, Астана қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция баскармасы процессинг орталығынын басшысы, полиция подполковнигі Темірбеков Арман Жарболдыұлы, Процессинг Орталығының Аға мемлекеттік авто инспекторы полиция майоры Әлімов Қуанышбек Кайратұлы, Мемлекеттік авто инспекторы полиция аға лейтенанты Ергеш Бекмұрат Ержанұлы, «ЖАС ҚЫРАН» жастар қанаты жетекшісі Қасым Исламбек, АТУ Комплаенс-офицері - Нұрлан Мамиев, белсенді Ерлібек Шайкемелов және ЕНУ, АТУ университетінің студенттері қатысты. Шара барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып аса қызығушылық тудырды.
"ЖАҢАРУ" баспасөз қызметі