
Атыраудағы кездесу
2023 жылғы 03 қазан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны жүзеге асыру үшін атқарылып жатқан іс-шаралар кешенінің шеңберінде Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде болды.
Бұл Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамының қолдауымен жүзеге асыруда.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев Баймағамбетұлы Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде болған кезінде:
- университет студенттері алдында жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелері бойынша лекция оқыды;
- университет ғимаратын аралап, жас мамандармен және студенттермен «еркін форматта» кездесулер өткізді;
- университеттің заңгер мамандарымен және студенттерімен жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасу өткізді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ
Баспасөз қызметі