«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Құқық қорғау органдарының жұмыстарымен танысу

09.10.2023

2023 жылғы 6 қазан күні Мәдениет және ақпараттандыру министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен жастардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, полиция қызметіне деген қызығушылығын тудыру және оларды құқық қорғау органдарының жұмысы туралы кеңірек танысу ақпараттандыру мақсатында Өскемен қалалық полицейлері «ЖАНАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысы» РҚҚ ШҚО облыстық «ЖАС ҚЫРАН» жастар қанаты мүшелері үшін құқық қорғау органдарының жұмысымен танысу ақпараттандыру шарасын ұйымдастырылды. Жастар көп жиналатын түнгі және компьютерлік ойын-сауық орындары, мейрамханалар және дүкендерге түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд өткізу барысында жастар полицейлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын да қойып, пікірлерімен алмасты. Рейдке облыстық «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, ШҚО бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы өкілдері, Өскемен қаласы полиция басқармасының Ювеналды полиция инспекторлары, облыстық мәслихат депутаты, қазақ зағиптар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Смоляков И. А., «ЖАҢАРУ» РҚБ ШҚОФ төрағасы Манаков Ж. Н. және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

фото (6).jpeg фото (7).jpeg
фото (8).jpeg

фото (5).jpeg

Шараның басты мақсаты жастардың құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерден хабардар болу, құқықтық қорғалу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Жастар ортасында құқық қорғау органдарының оң имиджін іске асырылуының барысы туралы хабардар ету, кеңес, нақты көмек беру.


Тізімге оралу