«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Құқықтық сауаттылық дәрісі

Лекция правовой грамотности 05.10.2023

2023 жылы 03 қазаны күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Jastar департаменті директорының Орынбасары, «Әдеп» жобалық кеңсесінінің жетекшісі       Еркебұлан Нұғыманов университет колледжінде «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы әлеуметтік жобаның аясында студенттермен дәріс өткізді.

фото (1).jpeg

фото (2).jpeg

фото (3).jpeg

Бұл әлеуметтік жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» атаулы Республикалық қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» атаулы Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Кездесу барысында Еркебұлан Нұғыманов жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша атқарылып жатқан және жоспарланған кешенді іс-шаралар туралы студенттерге айтып берді.
Сондай-ақ ол университетте әр студент өзінің ұсыныстарын беріп, сұрақтарын қойып, жауап ала алатын Қоғамдық қабылдау қызметінің ашылғанын және оның қызметін QR арқылыда алуға болатынын хабардар етті.
Кездесу соңында ол  студенттерді тәртіпті және адал болуға, қоғамдық орындарда өздерін мәдениетті ұстауға, сауттылықтарын арттыруға шақырды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


Тізімге оралу