07.10.2026
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Адалдық ˗˗ тұлға құндылығы, академиялық адалдық ˗˗ сапалы білім кепілі» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.
Шараның басты спикері ретінде Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Ч.Н. Мұхамбетқалиев сөз сөйледі. Спикер өз сөзінде білім ордасындағы тазалық пен әділдіктің маңыздылығына тоқталып, академиялық адалдық қағидаларын сақтау ˗˗ әрбір студенттің басты міндеті екенін атап өтті.
Студент жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған дәріс барысында мынадай маңызды мәселелер қозғалды:
• Тұлғалық құндылық: Әрбір студенттің бойында ішкі мәдениет пен адалдық қасиетін ояту.
• Сапалы білім: Академиялық адалдық ˗˗ нағыз бәсекеге қабілетті маман болудың жалғыз жолы.
Дәріс оқу іс-шарасы барысында жоба аясында дайындалған насихат парақшалары таратылып, QR форматында тестілеу, сауалнама жүргізілді.
Студенттер көкейкесті сауалдарын қойып, спикермен ашық пікір алмасты. Болашақ маманның дипломы ғана емес, білімі мен ары да таза болуы тиіс деген ортақ байлам жасалды.
Жаңару өзгерістен, ал өзгеріс әрқайсымыздан басталады!

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі