25.09.2023
2023 жылғы 19 қыркүйек күні Ұлытау облысының әкімдігі мен «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облысы бойынша филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға Ұлытау облысының Әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің директоры Серік Оспан қол қойды.
Меморандум «Жастардың құқықтық сауаттылығын және жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік жобасын іске асырудың тиімді әдісі болып табылады.
Бұл Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциалық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асыруда.
Осындай келісімдер облыс әкімдіктерімен және министрліктермен жасалып жатыр.
