30.03.2026
27-наурыз Қарағанды индустриялық университетінде республикалық «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «Сандық бедел» атты интерактивтік тренинг өтті. Іс-шараға киберполиция қызметкерлері және ҚарИУ комплаенс-офицері Ибрагимова С.С. қатысты.
Кездесудің спикері Теміртау қаласы киберполициясының капитаны Қазатаев Әділет Бейбітұлы болды.
Шара барысында киберполиция өкілдері қатысушыларға сандық ортада қауіпсіздік сақтау, онлайн қызметке байланысты тәуекелдер және интернеттегі құқықтық нормаларды сақтау маңыздылығы туралы ақпарат берді. Арнайы назар жеке деректерді қорғау, жауапты сандық мінез-құлық қалыптастыру және желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне аударылды.
Іс-шараның екінші бөлігі студенттердің сандық беделіне арналды. Қатысушылар академиялық адалдықтың жеке және кәсіби имиджге қалай әсер ететінін талқылап, антиплагиат жүйелерін пайдаланып оқу жұмыстарын тексерудің практикалық аспектілерін қарастырды. Бұл бөлім «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында «Жаңару» РҚБ бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.
Мемлекеттік өкілетті органдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған кездесу қызықты, ақпаратқа толы және өзекті мәселелерді қамтыды. Студенттер маңызды сұрақтар қойып, жауаптар қызу талқыланды.
Тренинг барысында интерактив студенттердің сандық және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті, интернеттегі қауіпсіздік пен өз сандық беделіне жауапты қарау әрбір адамның маңызды міндеті екенін еске салды.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі