19.03.2026
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Ұлытау облысы бойынша филиалынының ұйымдастыруымен Жезказган қаласының жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Заң мен тәртіп: әділеттіліктің негізі» тақырыбында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында колледж студенттерінің қатысуымен кездесу өтіп, дәріс оқылды. Дәріс оқудың мақсаты: «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, құқықтық тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметіне жастар арасында ашықтық пен сенімін арттыру.
Іс-шараның басты спикері «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ-гі Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры, Алданьязов Таубагүл Тажбайұлы жүргізді.
Спикер сөз барысында оқушы жастарға күнделікті өмірде адалдық, жауапкершілік және әділеттілік мәселелерін жан-жақты талқылады. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруде, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамытуға ықпал ету. Оқушыларға шара барысында насихат парақшалары таратылып, сауалнама жүргізіліп, пікір білдіретін сұхбаттар алынды. Қатысушы тарапынан ұйымдастырушы Жезказған қаласының жоғары медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ранова Лидия Николаевна сөз алып, өз ой пікір- кеңестерімен бөлісті.
Дәріс, мазмұны кең жастар үшін тағылымы мол іс-шара болды.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі


