17.03.2026
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ-да «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге мемлекеттік құзырлы органдар қызметкерлері, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы, Үкіметтік емес мекемелердің өкілдері, және ардагерлер кеңесі қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өзінің пікірі мен ұстанымын, сыбайлас жемқорлықпен күресуге негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыруда мемлекеттік органдармен бірлесе әрекет ету, ұсынымдар беру.
Шараны жүргізуші бас спикер «Жаңару» РҚБ-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы болды. Атқарылған іс-шараларға, бірлестіктің жұмыс аясына жете тоқталып, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып қатысушыларды бірлесе отырып жастар мәселесін көтеруді және ұсынды.
Кездесу нәтижелі өтті, сыбайлас жемқорлықпен күресу негіздері, бірлесе өткізілетін іс-шаралар, ұсынымдар қызу талқыға түсті. Болашаққа жоспарланған шараларда бірлесе атсалысу, қолдау, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау шешілді.
«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі



