04.03.2026
2026 жылдың 3-наурызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Зайноллаұлы Семғалиевтың қатысуымен пікір алмасу «АШЫҚ АЛАҢ» іс-шарасы өтті. Іс-шара «Жастарды құқықтық тәрбиелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Мэлс Зайноллаұлы өз сөзінде Конституция жобасындағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар, жастардың құқықтық сауаттылығы туралы ойларымен бөлісті. Жастардың патриоттық сезімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәні болды. Іс-шараға «ЖАҢАРУ» РҚБ-гі Астана қалалық филиалы директорының орынбасары Жамаладен Ибрагимұлы және «ЖАҢАРУ» РҚБ-ің аппарат жетекшісі Қабдулла Хамитұлы, университет тарапынан Заң факультеті студенттер альянсы, «ЖАҢАРУДЫҢ ЖАСТАР ҚАНАТЫ» белсенділері, университеттің озат білім алушылары қатысты. Қоғам үшін маңызды тақырыпты талқылау барысында студент жастар тарапынан қойған сұрақтарына сауатты және жан-жақты жауаптар беріліп, пікір алмасып кездесу қызықты өтті. Шара барысында студенттер арасында QR-код арқылы сауалнама жүргізіліп, насихат парақша - флаерлер таратылды.

«ЖАҢАРУ» Баспасөз қызметі