«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Біз жастарға сенеміз!

Біз жастарға сенеміз! 18.09.2023

2023 жылғы 14 қыркүйек күні Тараз қаласында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасының аясында «Біз жастарға сенеміз!» атаулы іс-шара өткізілді.WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.10.57.jpegWhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.05.jpeg

Бұл әлеуметтік жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Кездесуге Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының және Жамбыл медициналық жоғары колледжінің заңгер- ғалымдары мен студенттері, облыстық Әкімдіктің, қорғаныс істері және полиция Департаментерінің, прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, Үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны кіріспе сөзбен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі» Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев ашты.

Баяндаманы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы жасады.

Жарыссөзге:

- Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, полковник Симтиков Қуаныш Алпысбайұлы;

- Жамбыл облысы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі Таштамиров Шовкат;

- Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мананбаев Ержан Дүйсенұлы;

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Дәурен Даниярбекұлы;

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Лесбек Құралбайұлы Ілебаев;

- Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі Сағынбеков Құрманбек Сағынбекұлы;

- Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Сулейманов Халилжан Жалилович;

- Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бекпатшаев Елдос Сайлауұлы шықты.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Дархан Дәуренбеков қатысты.

Кездесуде сұрақ және жауап сессиясы өткізіліп, бірқатар жастардың сұрақтарына жауап-түсініктемелер берілді.

WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.24.jpeg

WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.23.jpeg


WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.20.jpeg

WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.18.jpeg

WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.16.jpeg

WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.12.jpeg

WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.33.jpeg

Іс-шара барысында бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі бірінші қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады.

Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз.

...Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет.

Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ» деді.

Мемлекет басшысы 30 маусымда Ішкі істер министрлігіндегі кеңейтілген алқа мәжілісінде полицияның жоғары деңгейдегі өкілдері жоғары мектептерге барып, заңдарды жастарға түсіндіруі керек екенін айтқан болатын.

«Әсіресе, заң бұзудың салдарын анық көрсетуі қажет.

Өкінішке қарай, біздің жастарымыздың арасында заң сауатсыздығы кеңінен таралған, басқа сөзбен айтқанда, жастарымыз заңды білмейді, заңды сақтаудың мән-маңызын түсінбейді.

Ал мұндай құқықтық сауатсыздықтың салдары өте ауыр. 

Мен әрбір жиында қоғамымызда заң үстемдігі болу керек, соның негізінде тәртіп болу керек деп айтып жүрмін.

Полиция қызметкерлері осы қарапайым тұжырымдаманы халыққа, азаматтарға, әсіресе, жастарға жеткізуі керек», – деп қадап айтты.

Осы орайда, «ЖАҢАРУ» РҚБ биылғы іске асырып жатқан жобасы сәтті таңдалған іс-шара деп айтуға болады, себебі жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Іс-шара аясында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бір топ студенттерімен, колледж директоры Жамиля Сарыбековамен кездесу өткізіліп «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының «Жас қыран!» жастар қанатын құру туралы келісілді. Шара барысында студент жастар тарапынан сұрақтар қойылып, пікірталастармен бөлісіп, тиісті жауаптарын алды.

Іс-шара соңында, кездесуге қатысқан бір топ студент жастар ұлт мақтанышы, бүгінде аты аңызға айналған журналист-жазушы, қайраткер Шерхан Мұртаза ескерткішінің алдында естелік суретке түсті.

Жасампаз, білімді, іздемпаз, алғыр, адал, патриот, ұлтжанды, мемлекетшіл, намысқой жастарымыз аман, болашағы жарқын  болсын!   


WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.02.jpeg
WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.36.jpeg
WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.11.35.jpeg
WhatsApp Image 2023-09-15 at 23.10.55.jpeg

Тізімге оралу