«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу»

«Профилактика предотвращения коррупционных рисков». 11.09.2023

«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны іске асыру шеңбері аясында Ақтөбе қаласының №1 қалалық емханасында 2023 жылғы 11 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбымен жас медицина мамандарының құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.
3
4
Бұл шара жас мамандарды денсаулық сақтау саласындағы заңға қайшы әрекеттер, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасында құқық қорғау органдарының имиджін жоғарлату шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның модераторы «ЖАҢАРУ» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ЖАС ҚЫРАН» атаулы жастар ұйымының жетекшісі А.А.Әжіниязов болды.

Жиынға Ақтөбе облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің Басшысы Әжіғұлова А.Т., Ақтөбе облысының көлік прокуратурасының Прокуроры Назарова А.Б., Ақтөбе қалалық полиция Департаментінің қызметкерлері Қапан Н. және Қажниязова М.

Әңгімелесу барысында денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қозғалып, есірткі заттарын қолданумен күресу әдістері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ЖАС ҚЫРАН» атаулы жастар ұйымының жетекшісі А.А.Әжіниязов өз сөзінде:

- сыбайлас жемқорлықты азайтуға еліміздің әрбір азаматының жеке үлесін қосудың маңыздылығын;

- «ЖАС ҚЫРАН» жастар ұйымының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын;

- мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлықты жоюға тек ашықтық пен жариялылық көмектесетінін атап өтті.

Шара барысында қатысушыларға буклеттер мен парақшалар таратылып, сауалнама жүргізілді.
1
2
Сауалнамаларда осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттілігі атап өтіліп, қызықты баяндамалар үшін алғыс сөздер айтылды.


Тізімге оралу