«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
Республикалық қоғамдық бірлестігі

Жетісу облыстық филиалының Директоры тағайындалды

Назначен Директор Жетісуского областного филиала 17.10.2024

Ермек Әбілтайұлы БӨРІБАЕВ 2024 жылғы 15 қазан күні «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының Директоры болып тағайындалды.

Ермек Әбілтайұлы БӨРІБАЕВ 1975 жылғы 06 ақпанда дүниеге келген.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры.

Еліміздегі білім және ғылым салаларындағы ұйымдарда, осы салалардағы халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған.

Заң ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының мүшесі.

Бірқатар басылымдар мен оқулықтардың авторы.

Аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ұйымдардан марапаттар алған.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі





Тізімге оралу